11
November
2017
Поход в музей
10 қараша күні №6 орта мектебінің 1 «Ә» сынып оқушылары, сынып жетекшісі Мадина Мукашеваның ұйымдастыруымен Талдықорған қаласындағы М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайына барып қайтты. «Өлкетану» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған іс-шара барысында балғындар қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрімен, қолданбалы өнерімен, тұрмыста тұтынған заттарымен танысып, көзбен көріп, қолмен ұстап тамсанды. Сонымен қатар, тарихқа айналған Алтын адам, ел игілігіне қызмет еткен ұлы тұлғалардың өмірімен, шығармашылығымен сусындап рухани байып қайтты. Осындай тағылымды іс-шаралардың өскелең ұпақтың тәрбиесінде атқарар рөлі зор.