«Жаңа заманның батырлары» атты қалалық дебаттық турнирі » tekeli-6
Жетісу облысы
Municipal public institution
"№6 орта мектебі"
Education Department of Tekely district
Reception room :
+7(72835) 4-51-74
bookkeeping:
+7(72835) 4-51-74
Version for
visually impaired
» » «Жаңа заманның батырлары» атты қалалық дебаттық турнирі
10
December
2022

«Жаңа заманның батырлары» атты қалалық дебаттық турнирі

Текелі қалалық дебат  қозғалысының төрайымы Тельтаева Самал Сарсенбаевна Текелі қаласы бойынша білім бөлімімен бірлесе Жастар ресурстық орталығында «Жаңа заманның батырлары» атты қалалық дебаттық турнирін ұйымдастырып өткізді. Турнирге біздің мектептің дебаттық клуб ойыншылары қатысып, казақ лигасынан «Жалын» тобының 8 сынып оқушылары Марат Сейіл мен Құрманжан Арайлым 2  орынды иеленсе, орыс лигасынан «Молодое поколение» тобының 9 сынып оқушылары Колесников Антон мен Евсеев Сергей III дәрежедегі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар Колесников Антон «Best спикер» номинациясымен, командалардың жаттықтырушылары Махаева Юлия Владимировна мен Тельтаева Самал Сарсенбаевна алғыс хаттармен марапатталады. Сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Тельтаева Самал «Best төреші» грамотасымен марапатталды. Аталған шарада Жетісу облысының  пікірсайыс  ассоцияциясының президенті Сапар Сұлтан  Сұңқарұлы, Жетісу облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемік орталығының  әдіскері Тайжахметова Акмарал Амантайевна, Жетісу облысы жастар орталығының маманы Орынбекова Жазира Алипбековна, Жетісу облысы «Текелі қаласының мәдениет, тілдерді дамыту,  дене шынықтыру  және спорт бөлімінің басшысы Дауренбеков  Марат  Өмірбекұлы қатысты.