«Жеңіс есімдері» » tekeli-6
Жетісу облысы
Municipal public institution
"№6 орта мектебі"
Education Department of Tekely district
Reception room :
+7(72835) 4-51-74
bookkeeping:
+7(72835) 4-51-74
Version for
visually impaired
» » «Жеңіс есімдері»
06
May
2021

«Жеңіс есімдері»

«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасының аясында 
«Жеңіс есімдері» Ұлы Жеңіске – 76 жыл!
Мейрманов Арғынғазы Сыдықұлы 1924 жылы Төңкеріс ауылы Андреев ауданы Талдықорған облысында дүниеге келген. 
Соғысқа 1942 жылы, 18 жасында өзі сұранып кеткен. Соғыста снайпер қызметін атқарған. 1943 жылы ауыр жараланып, госпитальда емделіп жатты. Госпитальда санинструктор мамандығына оқып шықты. Ауыр жарақаттан кейін, снайпер қызметін атқара алMay, госпитальда қалып, санинструктор маманы болып қызмет атқарды.
1945 жылы Берлин қаласын алғаны үшін «Победа над Германией» медалімен марапатталды.
1945 жылы Ұлы Отан Соғысы аяқталғаннан кейін Жапон соғысына аттанды. Жапон соғысына қатысқаны үшін «Победа над Японией» медалімен және ерлігі үшін орденмен марапатталды.
Соғыстан 1949 жылы ауылына оралып, фельдшер болып қызмет жасады. Отбасын құрып, 5 ұл, 3 қыз тәрбиеледі. 
1969 жылы 30 қарашада 45 жасында бақилық болды.  
Жеңіс күнін қарсалайық бәріміз.
Жеңіс күнін тойлайық жас кәріміз.
Осындай бір бейбіт өмір сыйлаған
Ардагерлер атамызға мың алғыс! 
Ардагерлерімізге жарқын естелік!!! Сіздерге әрқашан бейбіт аспан үшін алғысымыз шексіз!!!
Текелі қаласы №6 орта мектептің 
информатика пәнінің мұғалімі 
Ержанова Райгуль Ериковна
Qaharman