03
January
2019
"Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" атты Республикалық науқан
12-23 қараша аралығында "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" атты
Республикалық науқан өз мәресіне жетті. Іс-шара барысында
"Зорлық-зомбылықсыз әлем" тақырыбында 1-11 сыныптарда сынып сағаттары
өткізілді. 1-5 сыныптар арасында "Бақытты балалық шақ" тақырыбында сурет
байқауы өткізілді. Сурет байқауында үздіктер мектеп грамоталарымен
марапатталды. "Зорлық-зомбылықсыз отбасы" тақырыбында ата-аналар жиыны
ұйымдастырылды. 7-9 сыныптарда зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында
жасырын сауалнамалар жүргізілді. "Зорлықсыз әлем" тақырыбында флешмоб
ұйымдастырылды.