“Көксерек” әңгімесі тақырыбында ашық сабақ » tekeli-6
Жетісу облысы
Текелі қаласы білім бөлімінің
"№6 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72835) 4-51-74
Есепші бөлімі:
+7(72835) 4-51-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » “Көксерек” әңгімесі тақырыбында ашық сабақ
02
март
2022

“Көксерек” әңгімесі тақырыбында ашық сабақ

Гуманитарлық пәндер апталығының жоспарына сәйкес Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нұржан Махаббатқызы 7 “Ә” сыныбымен қазақ әдебиеті пәнінен заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің “Көксерек” әңгімесі тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Әуезовтің «Көксерегі» реалистік әдебиет дәстүрі тудырған мотивтерді, шеберлік палитрасындағы сан алуан бояулар мүмкіндігін өз мұратына орай өнерпаздықпен жаңғырту арқылы жазылған жаңа тынысты шығарма. Автор шағын көлемге мол мағына сыйдырған. Бейнелеп отырған болмыстың қыр-сырларын бажайлай таныған суреткер зады ежіктеуден, мыжыма тәптіштеуден бойын аулақ салып, жинақылыққа, тамшы арқылы көл суретін, тас арқылы тау кеспірін елестетуді эстетикалық мұрат тұтқан. Бұл образ табиғатына сандық белгіден гөрі сапалық ерекшелік хас екендігін айқындап, әсемдіктің гармонияға, симметрияға, тұтастыққа кіндіктестігін тағы да тиянақтай түседі». Р.Нұрғалиев.

https://www.instagram.com/tv/CaltvEwgI01/?utm_source=ig_web_copy_link