Наурыз мейрамына тән Көрісу күнін сән-салтанатпен ұйымдастырды. » tekeli-6
Жетісу облысы
Текелі қаласы білім бөлімінің
"№6 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72835) 4-51-74
Есепші бөлімі:
+7(72835) 4-51-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Наурыз мейрамына тән Көрісу күнін сән-салтанатпен ұйымдастырды.
18
март
2022

Наурыз мейрамына тән Көрісу күнін сән-салтанатпен ұйымдастырды.

Текелі қалалық #6 орта мектебінің 7 “Ә” сынып оқушылары көктемнің келуіне орай, Наурыз мейрамына тән Көрісу күнін сән-салтанатпен ұйымдастырды.
Ел арасында «Амал мерекесі» деп аталатын Көрісу күні бүгінде ұлттық салт-дәстүрді жаңғырта отырып, жаңарған сипатта атап өтілуде. Осы күні қазақ даласында мал басы түгенделіп, ел-жұрт бір-бірін жылы, жақсы күндердің басталуымен құттықтаған. Бұл күні ағайын-туыс, дос-бауыр қол алысып, құшақтасып, «Бір жасың құтты болсын!» деп көрісіп, амандасқан.
Осынау айтулы күнде адамдар бір-біріне жылы шырай танытып, реніштерін кешіріп, мерекелік киім киіп, дастархан жайып, сыйлық беруді дәстүрге айналдырған.

https://www.instagram.com/tv/CbHGPfpAxwl/?utm_source=ig_web_copy_link