М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек...» әдеби кеш » tekeli-6
Жетісу облысы
Текелі қаласы білім бөлімінің
"№6 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72835) 4-51-74
Есепші бөлімі:
+7(72835) 4-51-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек...» әдеби кеш
10
февраль
2018

М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек...» әдеби кеш

 

Алматы облысы Текелі қаласының «№6 ОММДШО» КММ –де 9 ақпан күні қазақ халқының ақиық ақыны М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек...» әдеби кеш өткізілді.

Әдеби кештің мақсаты: Мектеп оқушыларын ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзияны сүйуге тәрбиелеу. М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған кешке 1-11 сынып оқушылары қатысты.

11 сынып оқушылары Уристембекова Зарина, Дель Мария ақынның өмірімен шығармашылығы жайында баяндама жасады. Мұқағали Мақатаев туралы бейнеролик болды. 2-сынып оқушысы Амангелді Ақерке «Бүгін менің туған күнім ой пәлі-ай»мәнеріне келтіріп оқып тамсандырды. 5–ші сынып оқушылары Садиева Камила «Жазылар естеліктер мен туралы», Грабарев Павел және Брылкова Ксения «Халқыма хат», Төлеген Сымбат «Қарлығашым келдіңбе» өлеңін оқып поэзияға деген ықыластарын танытты.

1-сынып оқушылары ақынның өлеңдерімен сусындап, еліміздің жарқын болашағының жалынды жастары болатынын қазірден байқатуда:

«Пай ! Пай! Шіркін неткен жер» Раймбай Мөлдір, Галипақызы Аруна; «Таудағы көктем» Баянданұлы Мансур, Кадикова Гулжанат, Көшербай Нүркен, Тілеуғазы Ердәулет.

2-сынып оқушылары: Елемесов Мадияр, Советов Әсет, Совет Иса, Кулжанов Әділхан ақынның «Отан туралы» өлеңдерін оқыды.

«Үш бақытым» 3 «ә» сынып оқушысы Марат Сейіл.

Жалын Аяла «Жетісу», Арайлым «Өзгереді», Әсет « Жайлауда», Оралқали Дана өзінің ақынға арнау өлеңін оқиды. «Мұқағали атама» М.Мақатаевтың өлеңі «Поэзия» 6 сынып оқушысы Болыспай Дәулет оған ақынның «Есіңе мені алғайсың» атты өлеңі дәлел емес пе!? 7 сынып оқушысы Левин Александр,

8 «а» сынып оқушысы Бузенус Валерия « Жазылар естеліктер мен туралы»,

3 «ә» сынып оқушысы Жалын Аяланың орындауында М.Мақатаевтың сөзіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің әні «Саржайлау» әні асқақтай шырқалды.

2 «ә» сынып оқушыларының орындауында М.Мақатаевтың сөзіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің әні «Туған күніңмен ана» әні көрермендерді баурады.

Кешке қатысқан оқушылардың бәрі поэзияға деген асқақ сүйіспеншілік танытты.

Мектеп оқушылары ақынның шығармаларымен танысып,жатқа өлең оқу арқылы сөз өнеріне және сөз өнері арқылы рухани құндылықтарды санасына сіңіріп өсуіне игі ықпалын тигізгені оқушылардың белсенділігінен байқалды.

Кештің соңында әдеби кешке қатысқан оқушылардың барлығы мектеп директорының мақтау қағазымен марапатталды.

М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек...» әдеби кеш
М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек...» әдеби кеш
М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек...» әдеби кеш