Родительское собрание » tekeli-6
Жетісу облысы
Текелі қаласы білім бөлімінің
"№6 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72835) 4-51-74
Есепші бөлімі:
+7(72835) 4-51-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Родительское собрание
01
июнь
2017

Родительское собрание

 

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫНЫҢ ХАТТАМАСЫ

 

 

12.05.2017ж.

 

Қатысқаны: 198

 

Күн тәртібінде:

 

1. 2016-2017 оқу жылының қорытындылануы.                                                                                                       Г.М.Ахметханова,  

                                                          директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

 

2. Қамқоршылық Кеңесін құру туралы.

                                                      Г.А.Бектасова,

                                                         мектеп модераторы

 

3. «Мектепке кітап сыйла» акциясының өткізілуі туралы.

                                                      Г.Н.Туғанбаева,

                                                         ағылшын тілі пәні мұғалімі

 

 

         Жиынды ашқан мектеп директоры Назгүл Биболова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі алғаш рет ұйымдастырып отырған ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы 12 мамыр күні ел көлемінде ұйымдастырылып отырғанын айтты. Бүгінгі жиналыста қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы  М.Дәуренбаев, қалалық білім бөлімінің әдіскері Ж.Рахимбаева қатысып отыр. Бүгінгі іс-шараның басты мақсаты – ата-аналардың балаларының өміріне, білімі мен тәрбиесіне деген жауапкершіліктерін арттыру. Елбасының Жолдауындағы экономикалық өсімнің жаңа моделін құруды алға шығарып, осы негізде елдің экономикалық, әлеуметтік дамуын жеделдетуге тапсырма бергенін айта келе, адам капиталын жетілдіруге басымдық беріп, білім саласын бүгінгі заман талабына сәйкестендіре жаңғыртып отырудың қажеттілігін атап: «Ең алдымен білім беру жүйесінің рөлі өзгеруі тиіс». Осы орайда, №6 орта мектебінде балалардың сапалы білім мен саналы тәрбие алып, олардың бәсекеге қабілетті, болашақтары жарқын болулары  үшін жан-жақты жағдай жасалып отырғаны, қосымша сабақтар, үйірмелер жүйелі түрде жұмыс жасауда. Мектеп мұғалімдері педагогтардың біліктіліктерін арттыру бағдарламасы аясында жаппай оқытылып жатыр. Былтырдан бастап 1 сыныпта оқушылардың оқудағы жетістіктерін шектеусіз бағалау жүйесінің енгізілді, келесі оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап жаңартылған бағдарлама бойцынша 1, 2, 5, 7 сынып оқушылары оқиды.

         Биыл ҰБТ-ны жаңа формат бойынша тапсыратын мектеп түлектерінің ата-аналарына жауаптылық танытуларын ескертті. Сонымен қатар, ата-аналар жиналысында Күн тәртібінде қаралатын мәселелерді атап, жиынды жүргізіп отырды.

 

         Бірінші сұрақ бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Ахметханова таныстырды. 2016-2017 оқу жылының аяқталуына орай, 2017 жылдың 24 наурызындағы №128 Бұйрықпен таныстырды.

          9 сынып оқушыларының қорытынды бітіру емтихандары 30 мамыр-9 маусым, 11 сыныптың білім алушыларының мемлекеттік бітіру емтихандары 29 мамыр-1 шілде аралығында өтеді. 5-8, 10 сыныптарына арналған сыныптан сыныпқа көшірілу және мемлекеттік емтихандардың өтілу кестесін ұсынамын. Сонымен қатар, ҰБТ-ның жаңа форматы туралы толыққанды ақпарат берді. Мектептегі қорытынды аттестацияда төрт міндетті пән мен бір таңдау пәні болады. Міндетті пәндердің қатарында орыс тілінде тапсырады және әдебиеттен эссе формасында тапсырады, ал Қазақстан тарихы ауызша емтихан ретінде, математика - бақылау жұмысы, сонымен қатар, оқу тілі бойынша тестілеу болады (қазақ тілінен тестілеу - орыс мектептерінде). Таңдау пәні де тестілеу бойынша тапсырылады: физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет немесе ағылшын тілі. Сондай-ақ, балалардың жазғы демалысын көңілді де қызықты, пайдалы етіп өткізулері үшін ұйымдастырылатын қала сыртындағы «Эдельвейс», «Бастау», «Алтын Чажа» атты жаздық лагерьлер, мектепішілік жаздық лагері жұмыс жасайтын болады.

1. Шешім:

         Балалардың мемлекеттік қорытынды аттестациясына дайындықтары бойынша ата-аналар жұмыс жүргізсін.

 

         Екінші сұрақ бойынша мектеп модераторы Г.Бектасова мектептің қамқоршылық кеңесінің ережесімен таныстырды. Қамқоршылық кеңес оқу-тәрбие үрдісінің жақсаруын арттыруға, мектептің барлық кеңестерінің мүшелерін мектептің іс-шараларын ұйымдастырып, қатыстыртуға, өзін-өзі басқару жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында құрылып, қабылданатынын жеткізді. Сонымен қатар, кеңестің мақсаты мен міндеттерін айтып, мектепішілік қамқоршылық кеңес құрып, оның мүшелерін бекітуге ұсыныс жасаймын.

2. Шешім:

         Қамқоршылық кеңесі келесі құрамда бекітілсін:

                   1. Тютеев Алексей Григорьевич;

                   2. Ларцева Наталья Юрьевна;

                   3. Грабарева Людмила Ивановна;

                   4. Глуховерина Алла Сергеевна;

                   5. Садиева Марина Сергеевна.

 

 

         Үшінші сұрақ бойынша мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Г.Туғанбаева сөз алып, «Мектепке кітап сыйла» акциясының мақсатымен таныстырды. Акцияның мақсаты – мектеп кітапхана қорын әр саладағы басылымдармен және балаларға арналған әдебиеттер, қазақстандық авторлардың шығармаларымен толықтыру.  Кітап оқу – адамға өзіндік бір әсер беріп, рухани жағынан байытатын мәдениеттің бір түрі. Өздеріңіз кезінде оқып бітірген, қазіргі кезде сіздерге қажет емес кітаптарды мектеп кітапханасына әкеліп тапсыруға үндейміз. Сіздердің балаларға арналған әр кітаптарыңызға риза боламыз. Сіздердің әрқайсыларыңыз өткізген кітаптар тіркеліп, арнайы көрме ұйымдастырамыз.

3.Шешім:

         Акцияны қолдап, мектепке кітап сыйлау.

 

 

 

 

 

 

Ата-аналар комитетінің төрайымы:                       Грабарева Л.И.

 

 

 

Хатшы:                                                                     Глуховерина А.С.

 

Родительское собрание

 

Родительское собрание