2024 жылғы 22-мамыр күні № 6 орта мектебінде Текелі қаласының қалалық білім бөлімі, Полиция бөлімі мен Төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесе ата-аналармен кездесу өткізді. » tekeli-6
Жетісу облысы
Текелі қаласы білім бөлімінің
"№6 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72835) 4-51-74
Есепші бөлімі:
+7(72835) 4-51-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2024 жылғы 22-мамыр күні № 6 орта мектебінде Текелі қаласының қалалық білім бөлімі, Полиция бөлімі мен Төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесе ата-аналармен кездесу өткізді.
22
май
2024

2024 жылғы 22-мамыр күні № 6 орта мектебінде Текелі қаласының қалалық білім бөлімі, Полиция бөлімі мен Төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесе ата-аналармен кездесу өткізді.

2024 жылғы 22-мамыр күні № 6 орта мектебінде Текелі қаласының қалалық білім бөлімі, Полиция бөлімі мен Төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесе ата-аналармен кездесу өткізді. Кездесу барысында білім бөлімінің әдіскері А.Базарбаева "Балалардың жазғы демалыс, сауықтырумен қамтылуы бойынша жұмыстарын жоспарлау" жөнінде мәлімдеді. Текелі қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Орынбай Дінмұхаммед Сүлейменұлы "Жазғы демалыс кезінде оқушылармен техника қауіпсіздігінің сақталуы, судағы қауіпсіздік ережелері" туралы сақтық шаралары туралы айтты. Текелі қаласы ПБ кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі инспекторлары полиция аға лейтенанты М.Ж.Мужукова, полиция аға лейтенанты А.Е.Ермуханова 25-мамыр күні оқу жылының аяқталуына байланысты мектеп бітіруші түлектердің өз бетінше қандай да бір іс-шаралар ұйымдастырмау, ата-аналарының рұқсатынсыз жазғы демалыс уақытында тыйым салынған аумақтарға бармау және де «Қылмыстық жауапкершілік жасы», «Есірткі қылмыстарының алдын алу», «Буллинг және кибербуллинг» тақырыптарында түсініктеме жұмыстарын өткізді. Аталмыш тақырыптар бойынша баяндамалар тыңдалып, бейнероликтер мен презентациялар көрсетілді және жадынамалар таратылды.
https://www.instagram.com/reel/C7R5SSQipUn/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
@tekeli_akimdigi
@tekeli_bilim
@tekeli_police
@tekeli_tjb