20
август
2024
«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында Текелі қалалық кітапханасы мектебіміздің оқушыларына қаржылай көмек көрсетті
Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында Текелі қалалық кітапханасы мектебіміздің оқушыларына қаржылай көмек көрсетті. Оқушыларымыз мектеп формасы мен қажетті оқу құралдарын сатып алды. Мектеп ұжымы мен ата-аналар атынан кітапхана ұжымына алғыс білдіреміз!